USD
USD
USD

Абай облысында жол апатынан зардап шеккен екі бала Астанаға жеткізіледі

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

санитариялық авиация
Фото: ДСМ

Алматы, NEGE. «Абай облысының Үржар ауданына жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланы Астанаға тасымалдау үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының санитариялық авиация борты ұшып келді», – делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр. Балаларға көмек көрсетуге еліміздің ғылыми медициналық орталықтарының үздік мамандары тартылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысының Үржар ауданында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-көліктік авиация ұшағының бортында медициналық бригада ұшқан болатын.

Команданың құрамында-нейрохирург, травматолог және реаниматолог бар.

Естеріңізге сала кетейік, Бестерек ауылында ауыр жол апаты болды. «Toyota» автокөлігін басқарған 55 жастағы жүргізуші рөлді игере алмай үй маңында ойнап жүрген 6 баланы қағып кеткен.

Әкімдіктің мәліметінше, 2017, 2022, 2023 жылғы 3 бала оқиға орнында қаза тапты. Қалған 7-9 жас аралғындағы балалар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Жүргізуші ұсталып, изоляторға қамауға алынды. Сараптама оның апат кезінде мас болмағанын көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысында психикалық бұзылыстары бар адамдар көлік жүргізіп келген

жолдағы жылдамдық

Атырау облысында хирург МӘМС аясында тегін жүргізілетін отаға ақы алып келген

алаяқтық

Алматыда автобустың дөңгелегі шұңқырға түсіп кетіп, жолды жауып тастады

ор

ҰБТ-да смартфон мен шпаргалка алып өтпек болған 522 талапкер тесттен шеттетілген

ҰБТ