USD
USD
USD

Боранды күні мал іздеуге шыққан: Абай облысында жоғалып кеткен 8 жасар бала табылды

Аягөз ауданының полиция бөліміне тұрғындардан 2015 жылы туған Иманғали Мерей Нұржанұлын іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш түскен.

8 жасар бала
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Туыстарының айтуынша, 8 жасар бала бүгін таңертең сағат 10:00 шамасында атпен мал іздеуге шығып кеткен.

Полиция баланы іздеу жұмыстарын дереу бастаған.15 минуттың ішінде полиция бөлімінің барлық жеке құрамы іздеуге шыққан. Полицейлерден басқа іздестіру жұмыстарына еріктілер, ауыл және аудан тұрғындары белсенді қатысуда.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арыновтың тапсырмасы бойынша іздеу жұмыстарына Қазавиақұтқару тікұшағы қосылады. Сондай-ақ қорғаныс министрлігімен келісе отырып, 10810 әскери бөлімінің күштері іздеуге тартылды.

«Кештің батуына байланысты ТЖМ авиациясы қолданылмады. Қажет болған жағдайда (іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыру кезінде) тікұшақ 12 ақпан күні таңертеңгі уақытта ұшады», – делінген хабарламада.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 74 адам, 17 техника, 20 жылқы жұмылдырылды. Сондай-ақ ТЖД қосымша күштері жіберілді.

ТЖД мәліметінше, баланы іздестіру ауа-райы жағдайы қиындатып тұр, жедел-іздестіру іс-шаралары облыстың көрші елді мекендері мен аудандарының аумағында да жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек