USD
USD
USD

Абай облысында жоғалып кекен шопан аман табылды

Абай облысы Абай ауданында үш күн бұрын жоғалып кеткен шопан аман-есен табылды. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Шопан
Фото: polisia.kz

Алматы, NEGE. Полицияға 14 ақпан күні сағат 07:00-де Абай ауданының полиция бөліміне хабар-ошарсыз кеткен шаруа қожалықтарының бірінің 54 жастағы шопаны туралы ақпарат келіп түсті. Ер адам жайылымға 532 бас қой бағып кеткен.

Шопан іздеу бойынша жедел штаб құрылды, аудандық полицияның, төтенше жағдайлар бөлімінің, сондай-ақ Абай ауданы әкімдігінің жеке құрамы жұмылдырылған.

30-дан астам қызметкер 4 УАЗ автокөлігінде, ЗИЛ-131 көлігінде және 2 Нива-МАРШ көлігінде ауарайының қолайсыздығына қарамастан қойшыны іздеген.

“Аяз күшейе түсті, дрон ұшыру қиын болды, төмен температураға байланысты ол істен шықты, іздеу аумағын жаяу айналып өту керек болды", - деді жедел уәкіл Бектұрсын.

Іздеу екі тәулік бойы жүргізілді. Нәтижесінде іздеу топтарының бірі өзінің қыстауынан 30 шақырым жерде шопанды тірі және жарақатсыз тапты.

Ер адам далада қатты дауылдың салдарынан бағытын өзгерткен. Ол зардап шеккен жоқ. Сол күні қойшыны дәрігерлер тексерген, оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Мал да шаруа қожалығына шығынсыз қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

«Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет»: Президент дотацияға сеніп отыратын әкімдерді сынады

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Ересектермен бірдей жазаға тартылады»: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

Есірткі қылмысы

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

қыз

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана