USD
USD
USD

Абай облысында жалған полицейлер ұсталды

Абай облысында тәртіп сақшылары жалған полицейлерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалған полицейлер
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Олар ер адамды алдап, оның жеке деректерін иемденіп, содан кейін оның шотынан 925 мың теңге шешіп алған.

Жарма ауданының тұрғынын белгісіз адамдар тоқтатып, олар тәртіп сақшылары болып танысып, одан жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынуын сұраған. Жәбірленушінің құжаттары мен биометриялық деректерін суретке түсіргеннен кейін күдіктілер кетіп қалған.

Ер адамның шотынан ақша алынғаннан кейін, ол жалған полицейлерге тап болғанын түсініп, «102» арнасына жүгінді. Абай облысы Жарма ауданының жедел уәкілдері күдіктілердің ізіне жылдам түсіп, оларды ұстады.

Белгілі болғандай, алаяқтықпен БҚО-ның үш тұрғыны айналысқан. Қазіргі уақытта жастар қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың ұқсас қылмыстарға қатысуы анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов