USD
USD
USD

Абай облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауында қалған үш адамды құтқарды

112 пультіне Жарма ауданының Қалбатау ауылынан 57 шақырым қашықтықта, «Алматы-Өскемен» тас жолында жеңіл автокөліктің қар құрсауында қалып, адамдарды эвакуациялау қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті.

Абай облысы
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Оқиға орнына Қалбатау ауылының құтқарушылары «Трэкол» жол талғамайтын көлігімен жедел жолға шықты.

Шақырту орнына келген құтқарушылар қар құрсауында қалған екі жеңіл автокөлікті анықтап, 1971, 1972 және 1963 жылы туған үш адамды эвакуациялады.

Құтқарылғандар қауіпсіз жерге – «Қызыл су» кафесіне жеткізілді.

Медициналық көмек ешкімге қажет болмады.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары