USD
USD
USD

Абай облысында сот шешімін қасақана орындамаған адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін

 Абай облысы Үржар ауданының прокуратурасы мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы сот шешімін қасақана орындамау дерегін анықтады, деп хабарлады Бас прокуратура.

Ш
Фото: egemen.kz

Алматы,NEGE. Аудан тұрғыны соттың 61 миллион теңге көлеміндегі қарызды өтеу туралы шешімін орындаудан жалтаруды көздеген. Ол осы мақсатта жалпы құны 12,5 миллион теңгені құрайтын тұрғын үйі мен ауыл шаруашылығы техникасын басқа тұлғаларға рәсімдеген.

Аталған мәмілелер жалған сот актілері негізінде, сот орындаушыларының қатысуынсыз жүзеге асырылған. Түскен қаражатты борышкер мәжбүрлі өндіріп алу рәсімін айналып өтіп, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы ҚР ҚК 430-бабының 3-бөлігі (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Аталған баптың санкциясы бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті