USD
USD
USD

Абай облысында психикалық ауытқуы бар адамдарды жұмысқа жеккен мекеме анықталды

Жүйке-жүйесінде ауытқуы бар адамдарды құрылысқа жеккен директорға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлады облыстық прокуратура. 

қылмыс
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. №1 Семей арнайы қызмет көрсету орталығы директорының қамқорлығындағы психикалық дертке шалдыққан 4 адамды шаруа қожалығында құрылыс жұмыстарына жегу фактісі анықталды, - деп мәлемдеді ведомство.

Қылмыстық істі облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ҚР ҚК-нің 128-бабы 2-бөлігінің 6,9,11-тармақтары («Адам саудасы») бойынша тергеген. Қазір іс сотқа жолданды.

Сонымен қатар мекеме әкімшілігі мен қызметкерлері техникалық қызметкерлердің орнына қамқорлықтағыларды пайдаланып, үй-жайды тазалауға, тамақ дайындауға мәжбүрлеп, әрекетке қабілетсіз адамдарды заңсыз әрекеттерге тартып, есепшоттарынан жәрдемақыларын жымқырған, - дейді облыс прокурорлары.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы