USD
USD
USD

Абай облысында полицейлер көліктен шыққан өртті дер кезінде сөндірді

Абай облысында полицейлер көліктен шыққан өртті дер кезінде сөндірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Абай облысы Үржар ауданы полиция бөлімінің Патрульдік полиция тобына қарасты қызмет инспекторлары Абылайхан даңғылы бойымен патрульдеу кезінде жол жиегінде тұрған, өртке оранған Audi 100 автокөлігін байқап қалады. Азаматтардың өміріне қауіп төндірмеу мақсатында полиция қызметкерлері дереу әрекетке көшіп, жол қозғалысын уақытша тоқтатып, Өрт сөндіру қызметін шақырған.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін тәртіп сақшылары жедел түрде қауіпсіздік шараларын ұйымдастырып, айналадағы азаматтарды қауіпсіз аумаққа көшіріп, оқиғаның ауыр зардаптарға ұласуына жол бермеді. Сонымен қатар полиция инспекторлары өрт сөндіру құралын пайдалана отырып, көліктегі жалынды сөндіруге кіріскен. Олар өрттің отын багына жетуіне жол бермей, жарылыстың алдын алды.

Өрт сөндіру қызметі шұғыл келіп, полициямен үйлесімді және тиімді әрекеттесуінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, өрт көліктің электр жүйесіндегі ақаудан туындауы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

қыз

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи