USD
USD
USD

Абай облысында көші-қон заңнамасын бұзған азамат елден шығарылды

Абай облысында көші-қон заңнамасын бұзған азамат елден шығарылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жыл басынан бері Абай облысында Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтудың үш жағдайы тіркелді. Барлық құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылып, елден шығарылды. Олардың бірі – Бородулиха ауданының 24 жастағы тұрғыны. Ол көші-қон заңнамасының талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Миграциялық қызмет жүргізген тексеріс барысында оның Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны, бірақ белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының құжаттарын тапсырмағаны анықталды. Нәтижесінде оның паспорты мен жеке куәлігі тәркіленіп, азаматтығын жоғалту рәсімі ресми түрде тіркелді. Сонымен қатар ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 496-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, елден шығарылды.

Еске саламыз, Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа тыйым салынған. Шетел мемлекетінің азаматтығын алған тұлғалар 30 күнтізбелік күн ішінде миграциялық қызметке хабар беріп, Қазақстан Республикасының құжаттарын тапсыруға міндетті. Бұл талапты орындамау ауыр салдарға әкелуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік