USD
USD
USD

Абай облысында қайтарылған активтер есебінен Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңыз бар жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Үкімет үйі
Фото: Үкімет үйі

Алматы, NEGE. Үкімет Семей қаласындағы 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылысына 2,6 млрд теңге бөлді, бұл азаматтарды сапалы медициналық көмекпен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар 13 нысанның құрылысына шамамен 59,4 млрд теңге бөлді.

Олардың қатарында Атырау облысындағы Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай, Ұлытау облысындағы Мыңадыр және Қаражал ауылдарындағы мектептер, Түркістан облысы Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола және Алматы облыстарындағы Зеренді және Жалағаш ауылдарындағы спорт кешендері, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана, Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.

Сонымен қатар «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңда көзделген субъектілердің қаражаты есебінен Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астана қаласында тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған жаттығу орталығының құрылысы жүргізілуде.

Жұмыс жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов