USD
USD
USD

Абай облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

Семей қаласының №2 соты екі қала тұрғынын қаржылық пирамида ұйымдастырып, оған қатысқан 26 азаматқа жалпы сомасы 20 млн теңге залал келтіргені үшін кінәлі деп таныды.

Қаржы пирамидасы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2023 жылғы қыркүйек пен қазан айлары аралығында аталған адамдар Семей қаласындағы компания кеңсесінде кездесулер мен семинарлар өткізген.

Олар жаңа қатысушыларды тіркеумен, компания жүйесінде аккаунттар жасаумен және «WhatsApp» мессенджері арқылы үгіт-насихат материалдарын таратумен айналысқан. Бұл қызмет азаматтарды электронды валютаға инвестиция салу және бонус алу уәделерімен жүйеге тартуға бағытталған.

Сот үкімімен кінәлілердің біріне 4 жыл, екіншісіне 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, екеуіне де 2 жылға қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы берілді. Залалдың бір бөлігі өтелді.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушылардың кінәсін толық дәлелдеді.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек