USD
USD
USD

Абай облысында қала тұрғынын бопсалаған ер адам қылмыс үстінде ұсталды

Абай облысында қала тұрғынын бопсалаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Абай облысының полиция қызметкерлері Семей қаласының 36 жастағы тұрғынын бопсалау күдігімен ұстады. Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қала тұрғынын қорқытып, 175 мың теңге көлеміндегі қарызды қайтаруды талап еткені анықталды. Алайда ол бұл соманы өз "қызметі" үшін тағы 300 мың теңгеге арттырып, жалпы соманы 475 мың теңгеге дейін көбейткен.

Жедел уәкілдер арнайы шара ұйымдастырып, күдіктіні ақша алу кезінде қылмыс үстінде ұстады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары азаматтарға бопсалаудың ауыр қылмыс екенін еске салады. Егер сіз қорқытып-үркіту немесе заңсыз талаптардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласуыңызды сұраймыз.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес