USD
USD
USD

Абай облысында дала өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖМ
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Қабылданған шаралардың арқасында Абай облысының Бесқарағай ауданындағы табиғи өрт оқшауланды.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың тапсырмасы бойынша өрт орнындағы құтқарушылар тобы "Семей орманы" бөлімшелерін қолдау және өртті жедел жою үшін күшейтілді.

Жұмысты үйлестіруді ТЖМ Командалық орталығы, жедел штабты вице-министр Батырбек Әбдішев басқаруда. Өрт орнына өрт сөндіру қызметі комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев дереу шықты.

Сөндіруге Абай облысы, Павлодар облысы ТЖД, "Семей орманы" және "Ертіс орманы" орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Барлығы 240 адам және 96 бірлік техника тартылды. Облыстың ТЖД бастығы Манарбек Шапағатовтың қатысуымен әуеден барлау жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.