USD
USD
USD

Абай облысында бұрынғы жұбайын таяқпен ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы жұбайын ұрып өлтірді деп айыпталған ер адамға 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

блогер соты
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Тергеу мәліметі бойынша, сотталушы биыл 17 сәуірде мас күйінде қызғаныштан бұрынғы жұбайын үйдің ауласында ағаш таяқпен бірнеше рет ұрып-соққан. Соның салдарынан әйел оқиға орнында жан тапсырған. 

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындады.

Жәбірленуші тарап – марқұмның ағасы жаза тағайындау мәселесін соттың қарауына қалдырды.

«Сот үкімімен Б. Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар сотталған ер адам жәбірленушінің пайдасына 10 млн теңге мөлшерінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Бұған қоса, сот Семей қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органына сотталған ер адамның кәмелетке толмаған екі баласына қатысты ресми қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу мәселесін шешуді жүктеу туралы қаулы шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер