USD
USD
USD

Абай облысында алимент төлемеген ата-аналар қар күреп жүр

Абай облысы полиция департаменті бір жылда 36 борышкерді қылмыстық жауапкершілікке тартты. Олар Қылмыс кодексінің 139-бабы (балаларды асырауға қаражат төлеу міндетін орындамау) бойынша жазаланған, деп жазды Kazinform.

Алимент
Фото: Ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Оның 30-на бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалып, жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, айыптау үкімі шығарылған.

Қалғандарының ісі тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды, өйткені борышкерлер алимент берешегін төледі.

«Алимент төлеудің негізгі қозғаушы күші — қылмыстық жауапкершілікке тарту қаупі емес, ата-ананың ар-ұжданы. Балаларды асырауға қаражат төлеу міндетін орындамау — қылмыс, ол үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар» деп ескертеді Абай облысы полиция департаментінен.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж