USD
USD
USD

Абай облысында «Абай күні» мерекесі басталды

Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралардың соңғы күні ақынның туған жері – Абай ауданында өтіп жатыр.

Абай облысы
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы

Алматы, NEG. Бүгін Абай облысының Абай ауданында «Абай күні» аталып өтіп жатыр. Таңертеңнен Қарауылға жиналған халық қарасы қалың. Қазақстанның әр өңірінен ғана емес, алыс-жақын шетелден келгендер де бар. Мұнда 180 ақшаңқан киіз үй тігілген.

Орталық сахнаның бір шетінде киіз үйлер тұрса, екінші жағында сауда-саттық қызып жатыр. Ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдар, киім-кешек, тұрмыстық заттар мен Абайдың мүсіншелері сатуға қойылған.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, облыс әкімі Берік Уәли, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Парламент Сенатының депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар және мәдениет саласының өкілдері қатысып жатыр.

Дәл қазір орталық сахнада Абайға қатысты театрландырылған қойылым қойылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай