Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Абай облысында кәсіпкерлер 68 мың тонна құмды заңсыз өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге залал келтірген

Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады.

ҚМА
Фото: ҚМА

Алматы, NEGE. Олар 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың қазаны аралығында Семей қаласы аумағында лицензиясыз құм өндіріп, оны сатқан.

Нәтижесінде күдіктілер заңсыз түрде 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген.

Кейіннен құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға құмды өткізу жалған сәйкестік сертификаттарын пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асырылған.

Оны сатудан түскен қылмыстық табыс 150 миллион теңгеден асты.

Күдіктілер осы қаражаттың бір бөлігін фронтальды тиегіш сатып алуға жұмсап, қосымша 6,2 миллион теңге мөлшерінде табыс тапқан.

Соттың санкциясымен күдіктілердің 181 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған мүлкіне тәркілеу мақсатында тыйым салынды.

Мүліктердің қатарында 11 автокөлік, 2 пәтер, жер учаскесі және 17 миллион теңге көлеміндегі дебиторлық қарыз бар.

Іс айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолданды.

Қазір оқып жатыр

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс сотқа жолданды

Ұлдана Мырзуан

Абай облысы аумағындағы орманды өрттен қорғауға 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Семей орманы

Футболдан ұлттық құраманы Грекия мен Арменияның бұрынғы бас бапкері басқаруы мүмкін

Джон ван ’т Шкип

Абай облысында бұрынғы жұбайын таяқпен ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты

блогер соты