USD
USD
USD

Абай облысында 64,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

 Абай облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жоспар межеден асыра орындалды. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

ж
Фото: astanatv.kz

Алматы, NEGE. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 64,2 мың гектар пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жері қайтарылды. Бұл көрсеткіш бекітілген жоспар — 62,3 мың гектардың 102%-ы.

— 2025 жылға қарай Абай облысы бойынша жалпы көлемі 170 мың гектар жерді мемлекеттік меншікке қайтару жоспарланған. Аталған жұмысты тиімді жүзеге асыру мақсатында ай сайынғы кесте бекітіліп, жер көлемі аудандар арасында бөлінді. Қол жеткізілген нәтижелер Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Абай облысы департаменті мен аудан және қала әкімдіктерінің тығыз өзара іс-қимылының нәтижесі болып отыр. Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек