USD
USD
USD

Абай облысында 100 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді

Абай облысында 100 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз балық аулау
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Зайсан көлінің Қарақас учаскесінде «Браконьер» ЖПІШ шеңберінде рейдтік пысықтаулар жүргізу кезінде балықты заңсыз аулағаны үшін 3 жергілікті тұрғынды ұстады, тексеру кезінде жалпы салмағы 100 келіден астам түрлі балық тәркіленді.

Балық монофиламентті торларымен ауланған. Шығын 385 000 теңге.

Айта кетсек, Қазақстанда 2021 жылдың наурыз айынан бастап су айдындарының фаунасына зиянды әсер ететін синтетикалық, нейлоннан немесе басқа да пластиктен, полиамидті монофиламенттерден және монофиламенттерден жасалған торларды қолдана отырып, балық аулауға тыйым салынды.

Балықшылардан монофиламенттен 5 тор, 1 күрек, шана, 3 қап түрлі балық тәркіленді.

Аталған факт бойынша балық ресурстарын заңсыз өндіру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат