USD
USD
USD

Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы сотталды

2024 жылдың 8 тамызында Семей қаласының № 2 сотымен Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Гүлвира  Дөненбаеваға, осы басқарманың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Р. Садықовқа және Семей қ. ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы А. Нұрахметоваға қатысты үкім жарияланды.

Гүлвира  Дөненбаева
Фото: әлеуемттік желіден

Алматы, NEGE. Дөненбаева Нұрахметованы атқаратын лауазымына тағайындағаны үшін Садықова арқылы 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

Дөненбаева 4 жылға, Нұрахметова 3 жылға, Садықов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандар арнаулы атақтардан және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram