Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Абай облысы Мақаншы ауданының ауруханасында науқастарға мерзімі өткен анестезия препараттарын қолданған

Мақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекке қатысты көптеген заң бұзушылықтарды анықтады.

Денсаулық
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталды.

Сонымен қатар, ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен «Кетам» анестезия (наркоз) препараттарын қолдану фактілері болған.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

​Шымкентте қымбат үй сатылып жатыр: Тоқтар Төлешовтің бұған не қатысы бар?

.

Қарағанды облысындағы дала өртінен екі адам зардап шекті

Қарағанды облысы

Бір күнде 14 айыппұл: Алматы облысында жүргізушілер дабыл қағып жатыр

Автобан

Мемлекет БАҚ пен блогерлердің аккаунттарын бұғаттауға мүдделі емес – Аида Балаева

Аида Балаева