USD
USD
USD

Абай музейінде білім-ғылым саласында музей мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелері талқыланды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Абай мұрасы және заманауи музей: таным, білім-ғылым және тәрбие тоғысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Абай музейі
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшілері Шерхан Талап және Ербол Алшынбай қатысып, министр Аида Балаеваның құттықтау хатын табыстады.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» директоры Ұлан Сағадиев: «Бүгінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен абайтану ғылымы мен музей ісін өркендетуде ауқымды шаралар қолға алынуда. Абай мұрасын насихаттау – музей қызметкерлерінің басты міндеті», – деді.

Қатысушылар ұрпақ тәрбиесінде Абай шығармаларын оқытуда мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып отырғанын тілге тиек етті.

Жиын соңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Хәкім Абай» орталығының директоры Жабал Шойынбеттің «Абай қарасөздерінің ерекшеліктері» кітабының тұсаукесері мен Абай шаңырақтарының арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбай

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қуанышбек Серікжанов

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

.