USD
USD
USD

Абай елінде халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр

Абай елінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ.

О
Фото: Абай облысының әкімдігі

Алматы, NEGE. Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің қабырғасында ұйымдастырылған ғылыми жиында Қазақстан, Ресей, Түркия және Еуропа елдерінің ғалымдары бас қосқан.

Осы тойға мен де аз болса да үлесімді қостым. Абайдың інісі, Құнанбайдың баласы – Қалиолла жөніндегі 14 жылдық еңбегімнен кейін «Қалиолла» атты кітап шығардым. Қалиолла – Құнанбайдың Айғыз деген әйелінен 1849 жылы туған. Абайдың оқыған оқуын, мәдениетпен таныстығын одан әрі кеңейткен, оны үлкен дәрежеге жеткізуіне, меңгеруіне ықпал жасаған Қалиолланың еңбегі өте үлкен. Қалиолла – екінші Шоқан іспетті, қазақ фольклорын жинап, оны орыс тіліне аударған, - деп атап өтті конференцияға қатысып жатқан ғалым, абайтанушы Әсет Мырзақасым.

Ал ғылыми жиынға елордадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен арнайы ат басын бұрған делегация өкілі – Айман Ақтанова ұлы Абай тойына орайластырылған конференцияға оң баға берді.

Біз 5 жылдың ішінде ғылыми-зерттеу бағыты әртүрлі 90 кітап шығардық. Оның ішінде, әдебиет, әдебиет тарихы, философиясы бар. Абай шығармашылығын жаңа заман контекстінде жаһандық жағдайда қалай оқытуға болады, қалай оқуға, тануға болады. Абай арқылы адам өзін таниды деген сұрақтарға жауап беретін бағыттарда үлкен жұмыс атқарылды. Бұл кітаптардың барлығы сондай жұмыстарды көрсетеді, - дейді Абай академиясының ғылыми қызметкері Айман Ақтанова.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.