USD
USD
USD

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрына жаңа басшы тағайындалды

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бұйрығымен Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театры директорының уақытша міндетін атқарушы лауазымына Айнұр Көпбасарова тағайындалды, деп хабарланды театрдың ресми Instagram-парақшасында.

Айнұр Көпбасарова
Фото: instagram

Алматы, NEGE. Жаңа басшыны театр ұжымына мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов таныстырды. Құттықтау сөз алғандар қатарында опера труппасының көркемдік жетекшісі Болат Бөкенов ұжым атынан Айнұр Сайлаубайқызына өзінің тілегін білдіре келе, алдағы ісіне сәттілік тіледі.

Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова - 1975 жылы 7 ақпанда дүниеге келген. 1996-1999 жылдар аралығында əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде аспирантураны, 1995-1996 жылдар аралығында əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистратурасын, 1990-1995 жылдар аралығында Жамбыл педагогикалық институтын филология мамандығы бойынша тәмамдаған.

2022 тамызынан бастап «Түркістан музыкалық драма театры» МКҚК-да көркемдік жетекші, 2021-2022 жылдары «Түркістан музыкалық драма театры» МКҚК-да директор, көркемдік жетекші қызметтерін атқарған.

2001-2011 жылдары «Хабар» агенттігі АҚ-да бас продюсер, бас редактор қызметтерін атқарған. 1999-2001 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ көркем аударма жəне əдеби шығармашылық теориясы кафедрасынла оқытушылық қызмет атқарған. «Құрмет» ордені мен Қазақстан президентінің «Алғыс хатын» алып, «ҚР мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер