USD
USD
USD

Әбілқайыр Сқақов: Жаңа жылдық шыршаға 16 миллион теңге жұмсалады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының басшысы Әбілқайыр Сқақов Nege.kz сайтының тілшісі жолдаған сауалға жауап берді.

Әбілқайыр Сқақов: Жаңа жылдық шыршаға 16 миллион теңге жұмсалады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2020 жыл аяқталуға таяу. Алда Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл сияқты ресми мерекелер келе жатыр. Биылғы жыл пандемиялық ахуалға сай өткен жылдармен салыстыруға келмейді. Павлодар облысы "қызыл аймаққа" енгендіктен біршама шектеулер болады. Дегенмен, мерекелік шаралар қалай өтетіні туралы және оған қанша қаражат бөлінетіні жөніндегі сауалымызға өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов жауап берді.

"Жаңажылдық шыршаны бұрынғы орнына орнататын боламыз. Қосымша қаражат бұрынғыдай бөлінеді. Менің мәліметім бойынша, ол 16 миллион теңгенің көлемінде. Басқа меркелік шаралар эпидемиялық ахуалға байланысты тиісінше өтетін болады. Әрине, онлайн форматта", - деп жауап берді өңір басшысы. 

Сонымен қатар, әкімдік қызметкерлері үшін Жаңа жыл кеші ұйымдастырылмайды. 

"Қазіргі таңда облыс "қызыл аймаққа" енген. Сондықтан, мемлекеттік қызметкерлердің 80%-ы қашықтан жұмыс істеп отыр. Тиісінше, мемлекеттік қызметкерлер арасында ешқандай салтанатты кеш өткізілмейді", - деп жауап берді Әбілқайыр Сқақов.

Демек, мемлекеттік қызметкерлер өз қаражатына жасырын кеш ұйымдастыратын болса, айыппұл арқалайды.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп