USD
USD
USD

Абақтыдан мүгедек балаларға сәлемдеме жіберді

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты КА-168/1 мекемесінде жазасын өтеп жатқан жігіт бір айлық жалақысын мүгедек балаларға берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абақтыдан мүгедек балаларға сәлемдеме жіберді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жазасын өтеуші – Мейрамбек Боранбаев. Тергеу кезінде қамауда отырып түсірген бейнебаянында ол – елдегі төтенше жағдай кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға бір айлық жалақысын аудару арқылы қайырымдылық жасағысы келгенін айтады. Осы ойын құптаған мекеме мен департамент басшыларына алғысын білдірген ол басқа азаматтарды да қиын жағдайда бірге болуға шақырады.
Мейірімді Мейрамбектің қайырымдылық көмегін Ақтөбе қаласындағы “Ғажап” мүгедек балалар қоғамдық бірлестігі алды. Мекеме басшысы Ботагөз Дүйсекова сотталған азаматтың тосыннан болған сыйына мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған барлық ата-ананың атынан алғыс айтты. Мейрамбектің атынан түскен қаражатқа бірнеше отбасыға азық-түлік алынған.
 

Қазір оқып жатыр

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.

Никол Пашинян үкіметтің отставкасы туралы өтінішке қол қойды

Никол Пашинян

Алматыда жасөспірім қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

.

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.