2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Абайлаңыз, интернетте алаяқтар көбейді

Қызылордада 26 жастағы әйел жақын танысына алаяқтық әрекет жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абайлаңыз, интернетте алаяқтар көбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Қызылордада жақын танысының сеніміне кіріп, оның төлқұжат нөмірі мен банк картасын пайдалану арқылы алаяқтық жасаған 26 жастағы азаматша сот алдына келді. Ол жақын танысының үйіне келіп, танысының төлқұжат деректерін жасырын түрде ұялы телефон суретіне түсіріп алған. Бұдан кейін ол күйеуі қызына ақша аударатынын айтып, банк картасын сұрап алады. Алған құжаттары арқылы түрлі микрокредит ұйымдарынан несие алып, танысына қомақты көлемде шығын келтіреді. Бүгінгі таңда оның үстінен ҚР Қылмыстық кодекінің 190 бабының 4 бөлімімен қылмыстық іс тергеліп бітті. Қазір сотта қаралуда. “Қазір интернет арқылы алаяқтық жасау көбейіп барады. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында оған қатысты 162 қылмыстық оқиға орын алған. Сондықтан азаматтардан сақ болуын сұраймыз”, – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті