USD
USD
USD

Абайлаңыз, ауа-райы...!

Синоптиктердің болжауынша, 22 желтоқсанда еліміздің барлық өңірінде ауа райы қолайсыз болады, жел күшейіп, қалың қар түседі, солтүстікте боран соғады.

Абайлаңыз, ауа-райы...!
Фото: NEGE.kz

«Атлант мұхитынан келген циклон республиканың көп бөлігінде өз ықпалын сақтап келеді. Осыған байланысты ауа-райы құбылмалы болады, қар жауады, кей жерлерде қалың қар түседі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста қатты жел тұрып, екпіні 30 м/с жетеді, тіпті одан да асып кетуі ықтимал», делінген Қазгидромет хабарламасында.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с және одан да күшейеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с жетуі мүмкін. Павлодар, Қарағанды облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 18 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысында бұрқасын күтіледі, жел 17 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында тұман түсуі ықтимал.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park