Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Абайдың шығармалары серб тіліне аударылды

Сербиядағы Қазақстан Елшілігінде қазақ ойшылы және ақыны Абайдың серб тіліне аударылған шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Бұл туралы ҚР СІМ Telegram-каналы хабарлады.

Абайдың шығармалары серб тіліне аударылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Іс-шараға Сербияның көрнекті қоғам және саяси қайраткерлері, ғалымдар мен елдегі қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Серб тіліне ақынның шығармасын аудару ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өту аясында жүзеге асырып, оның өмірбаяны, таңдамалы өлеңдері мен «Қара сөздері» енді.

Қазақстан Елшісі Ғабит Сыздықбеков өз сөзінде Абай шығармаларының аудармасы – әрбір серб оқырманының қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған даналығы көрініс тапқан ұлағатты тұлғаның ұлы мұрасымен таныса алатын және бүгінгі күні де өте өзекті болып қала беретін жырларға толы бірегей басылым екенін атап өтті.

Елшілік ақын кітаптарын биылғы қараша айынан бері жұмыс істеп келе жатқан «Достық» қазақ-серб мәдени орталығына табыс етті, сондай-ақ жинақ Сербияның ұлттық кітапханасына және Белградтың ғылыми және білім беру мекемелерінің кітапхана қорларына жіберілетін болады.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф