USD
USD
USD

Алматыда Абай мүсіні ашылды

Алматыда Абай Құнанбаевтың мүсіні ашылды. Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға Алматы қаласының​ әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Алматыда Абай мүсіні ашылды
Фото: NEGE.kz

Айтулы шараға танымал жазушылар, ақындар, абайтанушылар жиналды. Мүсін Жетісу ауданы әкімдігінің ғимараты жанындағы «Гүлдер» саябағына қойылды.

«Абайдың мерейтойлық жылы - мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің, сөз жанры шеберлерінің, жалпы шығармашылықпен айналысатындар үшін айтулы мереке. Ұлы ақынның, философ пен ойшылдың бай мұрасы, оның адамгершілік өсиеттері қазақ халқының игілігіне айналды», - деді Алматы қаласының​ әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Мүсіннің авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тілеуберді Бинашев.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі