USD
USD
USD

Абайдың «Қара сөздері» өзбек тіліне аударылды

Өзбекстандық оқырманға жол тартқан ақынның туындысы Халықаралық Түркі академиясы мен Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінің қолдауымен жарық көрді.

Абайдың «Қара сөздері» өзбек тіліне аударылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұрпаққа ғибрат болсын деп жазған ұлы ойшылдың нақыл сөздерін тәржімалаған педагогика ғылымдарының докторы Қозоқбай Йулдошев пен профессор Ибадулла Мырзаев. Қос аудармашы бұл еңбекті жарты жыл дайындаған. Оқымыстылардың ойынша, тәрбиелік мәні зор туынды бауырлас екі елдің мәдени де рухани қарым-қатынасын одан әрі нығайтады. Бұған дейін ғұламаның «Қара сөздері» өзбек тіліне екі рет аударылған.

Педагогика ғылымдарының докторы, аудармашы Қозоқбай Йулдошев: "Аударылған «Қара сөзді» қайтадан аудардық. Үшінші рет. Бірінші рет Насыл Фазылов деген ақсақал аударған еді. Онда да парсы, араб сөздері көп еді. Біз үшінші рет аударып, қазақша мен өзбекшені жақындастырдық. Абайдың фонетикасын, өзгешілігін өзбекшеде беруге тырыстық" деді. 

Қазір оқып жатыр

Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сатыла ма?

Хан шатыр

Қазгидромет 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Ауа райы

Винус Уильямс Зарина Диасқа қолдау білдірді

Винус Уильямс

Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының орындалуымен құттықтады

Дональд Трамп