USD
USD
USD

Абайдың балаларына ескерткіш орнатылады

Сенат депутаты Дүйсенғазы Мусин Семей қаласына барды. Сапар барысында ол Абай атындағы музейге және алаңға арнайы атбасын бұрып, ұлы ойшылдың 175 жылдығына дайындық жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Абайдың балаларына ескерткіш орнатылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала әкімі сенаторға таяуда ғана Абай алаңын абаттандыру жұмыстары аяқталғанын айтты.

Соның нәтижесінде бұл жерде ойын және спорт алаңдары ашылып, жас талдар отырғызылған. Сондай-ақ, ақын ескерткішін жарықтандырып тұратын арнайы қондырғылар орнатылған. Қалада Абай атындағы театрға да жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Театр көркемдік жетекшісінің айтуынша, ғимараттың тарихи келбеті толық сақталады. Мерейтой аясында ақын музейінде Абай мен балаларына арналған еліміз бойынша алғашқы ескертіш орнатылады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Дүйсенғазы Мусин Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өңірлердің Семей қаласын көркейту туралы Үкімет тапсырмасын қалай орындап жатқанына назар аударды.

Осыған орай сенатор облыс әкімдіктері бұл мәселеге баса мән беріп, аталған тапсырманың орындалуын бақылауға алу керектігін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай