USD
USD
USD

 «Абай жолын» тыңдауға болады

Қазақстанның Ұлттық аударма бюросы қазақ тіліндегі аудиокітаптар топтамасын әзірлеуде. AudioKitap қосымшасына Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясы дайындалу үстінде. Бұл туралы Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы Facebook желісінде мәлімдеді.

 «Абай жолын» тыңдауға болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Нұрлан Өнербаев ағаммен AudioKitap жобасын талқылап отырмыз. Нұрекең қазір «Абай жолын» дыбыстау үстінде. Келесі кезекте Ілияс Есенберлин, Мұхтар Мағауиннің тарихи шығармаларын дыбыстауды бастаймыз деп келістік», – деп жазды бюро басшысы.

«Қазақ тіліндегі аудиокітаптар топтамасын AppStore, PalyMarket-тегі AudioKitap қосымшасынан табуға болады. Мұнда қазірдің өзінде 500-ден аса шығарманың дыбысталған нұсқасы бар. «Аудио-кітап қатары толығып, жаңара береді. Дыбыстауға кітап/шығарма ұсыныңыздар. Ең жиі аталған кітаптарды бірінші кезекте жазып, саламыз», – деді Р. Кенжеханұлы.


 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy