USD
USD
USD

«Абай» тарихи телехикаясы Түркияда көрсетіледі

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұлы Абайдың 175 жылдығына арнап түсірген «Абай» тарихи телехикаясы Түркияда көрсетілмек.

«Абай» тарихи телехикаясы Түркияда көрсетіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Телеарна мәліметінше, Түркияның мемлекеттік «TRT» телерадиокорпорациясы өз арналарында «Абай» телехикаясын көрсетуге қызығушылық танытқан. Қазір екі арна арасында келісім жасалуда. ⠀

«Сонымен бірге сериалға ТМД-дағы ең үздік онлайн-кинотеатр саналатын IVI.RU платформасы қызығушылық білдіріп отыр. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізілуде», – деді телерадиокорпорацияның баспасөз қызметі.

6 бөлімді телехикая ағылшын және орыс тілдіріне де аударылып жатыр.

«Абай» телехикаясы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы негізгі оқиғаларды арқау ете отырып, Абай өмір сүрген кезеңді бейнелейді.

Туындының режиссері – Мұрат Бидосов. Телехикаяға жазушы-драматург Дулат Исабеков кеңесшілік етті. Басты рөлді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов сомдады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан ТүркПА-ға үлгілік Цифрлық кодексті қабылдауды ұсынды

Құрылтай

«ҚазМұнайГаз» «Өзенмұнайгаз» басшыларының ұсталғанын жоққа шығарды

Өзенмұнайгаз

Диас Кенжебек пара жүзуден Азия рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды

Диас Кенжебек

«Экспресс Займ» қаржы ұйымы 43 мың адамды алдаған: директордың орынбасары үйқамаққа алынды

Күдіктілер