USD
USD
USD

Абай шығармалары қытай тілінде жарық көрді

Бейжіңде Абай шығармаларының қытай тіліндегі жинағы көпшілікке таныстырылды.

Абай шығармалары қытай тілінде жарық көрді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлы ақынның өдеңдерін, поэмалары мен қара сөздерін Қазақстанның Ұлттық аударма бюросының бастамасымен жергілікті жазушы Ақбар Мәжитұлы аударған. Автордың аудармамен айналысып жүргеніне 20 жылдай болған. Тұсаукесер рәсіміне Қытайдың бұрынғы мәдениет министрі Ван Мэн, мемлекеттік орган өкілдері мен беделді әдебиет қайраткерлері қатысты. Олардың айтуынша, Абай мұрасы тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемге ортақ құнды қазына.

Ли Цзинцзэ, Қытай жазушылары қауымдастығы төрағасының орынбасары Ли Цзинцзэ: "Абайдың өлеңдері мен қара сөздері бұған дейін де қытай тіліне аударылған. Алайда Ақбар Мәжитұлының жұмысы мінсіз десек артық айтпаған болармыз. Бұл қытайлық оқырмандарға қазақтың ұлы ақынының шығармаларын жан-жақты түсінуге мүмкіндік береді", - деді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс