USD
USD
USD

Абай шахтасы жабыла ма: Министр жауабы

Биыл мамыр айында Қарағанды облысындағы Абай шахтасының жұмысын уақытша тоқтату керектігі туралы сотқа материал жолданған.

Абай шахтасы жабыла ма: Министр жауабы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін аталмыш шахтада 6 кеншінің қаза болуына байланысты Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп жатқан ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абай қаласындағы шахта жабыла ма? ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге Қарағандыда өтіп жатқан онлайн брифингіде осындай сұрақ қойылды.

«Бұл мәселе жеке тәртіппен қаралады. Биыл мамыр айында Қарағанды облысы бойынша өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің ескерту хаты негізінде сот органына аталған шахтаның жұмысын тоқтата тұру қажеттігі туралы материал жолданғанын еске салғым келеді. Материалдардың бәрі тапсырылып, біздің қызметкерлер қорытынды тексеруге шыққаннан кейін экономикалық сот шешімімен кен орнында жұмыс тоқтатуға негіз болатын кемшіліктер жойылғандықтан, жұмысын жалғастыруға рұқсат берілген. Шахтаның әрі қарай жұмыс істеуі ондағы метан қабаттарының, жалпы шахтаның жағдайына байланысты. Сонымен бірге осы оқиғадан кейінгі тексерудің қорытындысына да байланысты», - деді Юрий Ильин.

Қазір оқып жатыр

Құрылтайды кім басқаратыны белгілі болды

.

Президент әр облыс пен ауданда ерекше балаларға арналған орталықтар салуды тапсырды

Ерекше балаларға арналған орталық

Тоқаев: Артқа шегінер жол жоқ

Тоқаев

Бектенов басқарған Үкімет отставкаға кетті

Үкімет