USD
USD
USD

Абай облысының тұрғындарына орманда жүруге тыйым салынды

Абай өңірінде жоғарғы ауа температурасының әсерінен өрт қаупі сақталады. Осыған байланысты тиісті мекеме Семей қаласы мен облыс тұрғындарын орманға бармауға шақырды, деп хабарлайды "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының баспасөз қызметі.

Абай облысының тұрғындарына орманда жүруге тыйым салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Ауа температурасының +38°С-қа дейін қалыптан тыс көтерілуіне байланысты "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының мемлекеттік орман қорының аумағында жоғары өрт қауіптілігі сақталады! Осыған байланысты орманға кіруге және ормандағы кез-келген қызметке тыйым салынады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство жергілікті тұрғындарға орман мен далалы аймақтарда абай болу керектігін ескертті.

"Отты абайсыз пайдалану, ұшқын сөндіргішсіз автотракторлық техникамен жұмыс, шылым қалдығы немесе сіріңке, тұрмыстық қоқыс, құрғақ өсімдіктер мен қылқан жапырақты орман жамылғысының өртке орануына және сөндіруге қиынға түсетін, қаулама өртке әкеп соқтыруы мүмкін! Табиғатты сақтаңыздар! Орман және оны мекендейтін тіршілік иелерін қорғаңыздар!" - деді "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт