USD
USD
USD

Абай облысының оқушылары ақылды жылыжай ойлап тапты

10-11 сыныптың жас өнертапқыштары жылыжайды автоматтандыруды ұсынады. Оқушылар ұсынған жоба жылыжайда өсірілетін көкністер мен жеміс-жидектерді суару технолгиясын жеңілдетеді.

Абай облысының оқушылары ақылды жылыжай ойлап тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олар заманауи технолгияны пайдалана отырып, топырақ пен ауа ылғалдылығын, жылыжайдағы ауа температурасын бақылауды және топырақты қажеттілігіне қарай суаруды автоматтандырудың жолын тапты.

Arduino сандық бағдарламасымен жасалған «ақылды жылыжай» веб-интерфейсы арқылы басқарылады. Жас өнертапқыштар командасының айтуынша, бұл шаруаларға су мен электр энергиясын үнемдеп қана қоймай, жылдың кез-келген мезгілінде, ауаның қолайсыздығына қарамастан, жақсы өнім алуға мүмкіндік береді.

Оқушылардың мұндай технологиялық тәсілді ойлап табуына өңірдегі жаз мезгілінің қысқалығы мен ауа температурасының салқындығы себеп болған.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.