USD
USD
USD

Абай облысының логотипті таңдалды

Қыркүйек айында өңірдің логотипіне байқау жарияланған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Абай облысының логотипті таңдалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Арнайы құрылған комиссия конкурстың қорытындысын шығарды. Комиссия құрамына қоғам белсенділері, өнер, БАҚ және Қазақстан Суретшілер одағының өкілдері бар.

Барлығы 28 автордан 47 жұмыс түскен. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша "Семей көркем" жарнама агенттігінің жұмысы үздік деп танылған.

«Заманауи логотиптің стильді геометриялық сызықтары бар. Ұлы Абайдың Отанын ағарту мәдениеті тұрғысынан көрсету үшін жазу атрибуттарын қолдана отырып, білім мен мәдени ағартушылыққа баса назар аударылған. Бірегей түс схемасы аймақтың табиғи ландшафтынан алынған», - делінген облыс әкімдігі таратқан ақпаратта.

Ал екінші және үшінші орындарға «Артекс» компаниясы мен қала тұрғыны Ш.Ақанов ие болды. «Артекс» компаниясының нұсқасындағы А және О әріптері Абай облысының аббревиатурасын білдіреді.

«Ш.Ақанов жұмысында еліміздің рухани астанасы – Семей қаласы мен облыстың сәулеттік өнерінің маржаны – аспалы көпір бейнеленген. Комиссия барлық жұмыстарды эстетикалық және идеялық мазмұн тұрғысынан зерттеді», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов