USD
USD
USD

Абай облысының Бородулиха ауданындағы орман өрті сөндірілді

"Семей Орманы" МОТР ақпараты бойынша бүгін сағат 13-00-де Абай облысы Бородулиха ауданындағы орман өрті толығымен сөндірілді. Өртенген учаскенің ауданы 60 000 га, деп хабарлады ТЖМ.

Абай облысының Бородулиха ауданындағы орман өрті сөндірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тартылған күштер мен құралдардың көмегімен бұл өрт 14 маусымда сағат 21:00-де сөндірілді. Бұған дейін айтылғандай, өрт оқшауланып, ТЖМ күштері мен құралдары тұрақты жұмыс орындарына кеткен сәттен бастап оқиға орнында қайта өртену мүмкіндігін болдырмау мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары кезекшілік (қарауылдау) ұйымдастырды.

Өрттің бүкіл периметрі бойынша патрульдеу жүргізілді. Өрт көлемінің одан әрі ұлғаймай, таралуы тоқтағаннан кейін ғана оның оқшаулануы хабарланатынын атап өткен жөн.

Бұл ретте, өрттің қайта жануына жол бермеу бойынша шаралар қабылданып, оның жануы тоқтаған кезде өрт сөндірілді деп есептеледі.  

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Дмитрий Песков