USD
USD
USD

Абай облысының Бесқарағай ауданындағы орман өрті сөндірілді

«Семей Орманы» МОТР өкілдерінің ақпараты бойынша 2023 жылғы 26 шілдеде сағат 18: 00-де Бесқарағай ауданындағы  орман өрті 385 гектар алқапта толығымен сөндірілді.

Абай облысының Бесқарағай ауданындағы орман өрті сөндірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, 15 шілдеде өртке қарсы қызметке Бегенев орманшылығында құрғақ шөптің өртеніп жатқаны және орман қорына қауіп бар екені туралы хабарлама келіп түскен болатын. «Семей Орманы» МОТР және Абай облысы ТЖД қызметкерлері дереу оқиға орнына барды.

Оқиға орнына келген кезде орман алқабының жанып жатқаны анықталды.

Өртті сөндіру ауа-райының қолайсыздығымен қиындады: жоғары ауа температурасы, қатты жел және тығыз өсетін дақылдардың болуы, сондай-ақ тұзды және батпақты жерлер.

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің, азаматтық қорғау органдары мен Орманшылар мен өрт сөндірушілер ыстық ауа-райына қарамастан отпен күресіп жатқан үйлесімді іс-қимылдары мен жанқиярлық ерлігінің арқасында өртті толығымен сөндірді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты