USD
USD
USD

Абай облысындағы өрт кезінде орман шаруашылығының 14 қызметкері жоғалып кетті

Абай облысындағы өрт кезінде орман шаруашылығының 14 қызметкерімен байланыс үзілді, олар іздестіріліп жатыр.

Абай облысындағы өрт кезінде орман шаруашылығының 14 қызметкері жоғалып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 9 маусымда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысындағы табиғи өртті сөндіру жөніндегі ТЖМ Ахуалдық орталығының базасында Жедел Республикалық штаб отырысын өткізді.

Отырыс барысында оқиға орнынан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіков баяндама жасады.

9 маусым күні сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге жеке құрамнан 662 адам және 177 техника, 6 тікұшақ жұмылдырылған.

Авиациялық техникамен өртті сөндіру үшін 80 рет жалпы көлемі 192 тонна су шашылды.

Қазіргі уақытта орман шаруашылықтарының 14 қызметкерімен байланыс үзілген. Оларды іздеу шаралары жүргізілуде.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Астана қаласы және Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменттерінен 133 адам және 48 техника, сондай-ақ қосымша 4 тікұшақ жіберу туралы шешім қабылданды.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда жүргізуші куәлігінсіз адам қағып кеткен әйелдің жазасы кейінге қалдырылды

со  үкімі

Ресейде Қазақстаннан жеткізілген көліктер үшін 1 млн рубльге дейін қосымша төлем талап етілуде

утильалым

Францияда аптап ыстықта көлікте қалған екі бала көз жұмды

Аптап ыстық

Бурабайдағы Көкшетау тауына шығуға уақытша тыйым салынды

Бурабай