USD
USD
USD

Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқандардың отбасына пәтер кілттері табысталды

Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқандардың отбасына, сондай-ақ тракторшы С.Н.Архиповтың отбасына пәтер кілттері табысталды.

Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқандардың отбасына пәтер кілттері табысталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қайтыс болған Саят Нұржігітов пен Амангелді Дүйсембаевтың отбасына 2 және 3 бөлмелі пәтердің кілттерін тапсырды.

«Өртте зардап шеккендердің отбасын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар біздің тұрақты бақылауымызда. Бүгін біз тапсыратын жаңа пәтерлер барлық қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Біз қосымша көмек көрсетуді жалғастырамыз», - деді облыс әкімі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысында орман өрттері салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетіледі. Әр отбасыға 7 млн теңгеден, қосымша әр балаға 2 млн теңгеден төленеді.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік