USD
USD
USD

Абай облысында оқушы өз-өзіне қол жұмсады – полиция тергеу амалдарын қолға алды

Абай облысының полиция департаменті 9-сынып оқушысының өлімін тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысында оқушы өз-өзіне қол жұмсады – полиция тергеу амалдарын қолға алды
Фото: NEGE.kz

Семей, NEGE. Жарма ауданы Үшбиік ауылында Ақтайлақ би атындағы орта мектептің 9-сыныпта оқитын екі оқушы өздеріне қол жұмсаған. Асылулы күйіндегі екеудің біреуін аман алып қалу мүмкін болды. Олар өзінен жоғары оқитын сынып оқушылары тарапынан буллингке ұшырағаны белгілі болды. Өзге оқушылардың айтуынша, 11-сынып оқушылары жасөспірімдерді бірнеше мәрте соққыға жығып, психологиялық қысым да көрсеткен. Бұл туралы abainewskz порталы ақпарат таратты.

Жарма аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.  

Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәліметтер, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды.

Тергеу барысы облыс департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу