USD
USD
USD

Абай облысында мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

Абай облысында мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Салдарынан жаяу жүргінші сол жерде жан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 5 тамыз күні сағат 19:30 шамасында Зайсан көлінің жағасындағы Тассай ауылдық округінің Береговой учаскесінде белгісіз адамның мәйіті табылған. Полицейлер 30 жастағы жүргізушіні “ізін суытпай” анықтады, ол мас күйінде Subaru Legacy автокөлік құралының тізгінінде 32 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 32 жастағы жаяу жүргінші жол-көлік оқиғасы болған жерде қайтыс болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары ҚР ҚК-нің 345-1-бабының 3-бөлігі (Абайсызда өлімге әкеп соқтырған, Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін абайсызда бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде бойынша анықталып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс