USD
USD
USD

Абай облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Олар 30 қазақстандықты 25 млн теңгеге алдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Абай облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды
Фото: NEGE.kz

Семей, NEGE. Абай облысында “Qnet” ұйымдастырушылары 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

"2018 жылы К. тәуелсіз өкіл сертификатын ала отырып, “Qnet” халықаралық компаниясының сайтына тіркелді. Өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында К. бұрынғы танысы Б.-мен бірікті. Бірлескен қызметке қатысу үшін, клубтық саяхат картасын сатып алу және “Qnet” компаниясының тәуелсіз өкілі ретінде тіркелу үшін 780 мың теңгеден 1,2 млн теңгеге дейінгі мөлшерде азаматтар жарна жасау керек болды. Қатысушыларға психологиялық әсер ету, кездесулер, дәрістер, оқыту семинарларын өткізуімен К. кеңседе мұқият құрылған жарнама компаниясын ұйымдастырды. Нәтижесінде К. және Б-ның қаржы пирамидасына Қазақстан Республикасының жалпы 30 азаматы қосылды, олар өз кезегінде оларға сенім арта және адаса отырып жалпы сомасы 25 млн теңге қаражат салды. Олар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 217-бабы бойынша алты жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Дмитрий Песков

Ақтауда соқырішекпен түскен баланы дер кезінде қарамады деп айыпталған хирург өз уәжін жеткізді

Қанат Исмаил

Павлодарлық кәсіпкер Икрам Нұрмашовтың қазасы: полиция не дейді?

Икрам Нұрмашов