USD
USD
USD

Абай облысында автобус аударылып, 15 адам зардап шекті

Абай облысында автобус аударылып, 15 адам түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абай облысында автобус аударылып, 15 адам зардап шекті
Фото: NEGE.kz

Абай, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 19 маусым күні сағат таңғы 04.50-де болған.

«Алакөл-Семей» бағытында тұрақты қатынайтын «Setra-S» маркалы автобус Жарма ауданының тұсындағы жолда Семей қаласына қарай бара жатқан. 56 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, автобус жолдан шығып, аударылған. Жол апаты салдарынан екінші жүргізуші мен 13 жолаушы түрлі деңгейдегі жарақаттар алды», - делінген ақпаратта.

Олардың барлығына медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсетті. Ал қоғамдық көлік жүргізушісі ауруханаға жатқызылған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси