USD
USD
USD

Абай облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы бұзылған

Абай облысы Бородулиха ауданының прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, Бала орталығында тәрбиеленіп жатқан жеткіншектердің құқықтарының қорғалуына талдау жүргізді.  

 Абай облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы бұзылған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қамқоршының тарапынан (Бала орталығы) алимент төлемдерін өндіру бойынша шараларды қабылдамау фактілері анықталды. 

Барлығы 30 млн. теңге болатын алимент төлемеудің 14 фактісі анықталып, оның 5 фактісі бойынша прокуратураның бастамасымен ҚР ҚК-нің 139 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Бүгінгі күні 2 борышкер сотталды. 

Бұл жұмыс оң нәтиже беріп келеді. Қазіргі кезде 1 млн. теңгеден астам алименттік берешек өтелді. 

Қадағалау актісі негізінде Бала орталығының басшылығы жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген

ДСҰ-ға мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі есе өсті

ДСҰ және Қазақстан туы

Депутаттар Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құруға келісім берді

Құрылтай ғимараты