USD
USD
USD

Абай облысында әлеуметтік-экономикалық даму бойынша оң серпін байқалады

Жыл көлемінде, ай сайын, барлық индикаторлар бойынша тұрақты өсім сақталуда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев хабарлады.

Абай облысында әлеуметтік-экономикалық даму бойынша оң серпін байқалады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінгі таңда өңірдің қысқа мерзімді экономикалық индикаторы – 107,5% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция 4,2%-ға өсіп, 426,2 млрд тенгені құрады. Құрылыс саласында өсім – 141,1%-ға, өнеркәсіпте – 106,3%-ға, ішкі саудада – 103%-ға, ауыл шаруашылығында – 101,7%-ға тіркелді. 233,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2443 отбасы баспаналы болды», - деді спикер.

Өндіріс қарқыны әлеуметтік көрсеткіштерге де оң әсерін тигізді. Облыс бюджетінің өз кірістері 141%-ға өсіп, қазынаға 87,4 млрд теңге түсті. Биыл облыс бюджетінің көлемі 419,2 млрд теңге болды. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар