USD
USD
USD

Абай күні: Шымкентте театрландырылған қойылымдар көрсетілмек

Шымкентте Абайдың 175 жылдығына арналған бірнеше іс-шара ұйымдастырылуда.

Абай күні: Шымкентте театрландырылған қойылымдар көрсетілмек
Фото: NEGE.kz

Атап айтқанда, қалалық кітапханаларда «Әлем таныған ұлы Абай», «Абай даналығы – халық мұрасы», «Елім - жерім деп, бар ғұмырын паш еткен Ұлы тұлға», «Абайдың сөзі –қазақтың бойтұмары» атты онлайн кітап оқу, әдеби сазды кештер мен виртуалды кітап көрмелері өткізіледі.

Алматы, NEGE.  Ал, әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Абайды қалай таныдым?!» атты танымдық тәрбие сағаты ұйымдастырылмақ. Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры «Ұлы Абайға - 175 жыл, Абай бейнесі» «Парасат» орденінің иегері, Қазақcтанның еңбек сіңірген әртісі Сапар Өтемісұлымен онлайн-эфирін өткізуді жоспарлап отыр. Сол сияқты қалалық орыс драма театры да «Абай жолы» онлайн-бағдарламасын, қалалық өзбек драма театры М.Әуезовтің «Абай» онлайн-драмасын, қалалық опера және балет театры «Абай арманы» онлайн-концертін көрерменге ұсынбақ. Қалалық әзіл және сатира театры «Жүрегім нені сезесің?!» атты поэтикалық-драмалық қойылымын, қуыршақ және жасөспірім театры «Дара тұлға» онлайн-поэтикалық драмасын, Шымкент-циркі «X-BAND» джаз оркестрінің онлайн-концертін Instagram және Facebook парақшалары мен Youtube арнасынан көрсетпек.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының орындалуымен құттықтады

Дональд Трамп

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

Зарина Дияс

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Temu

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Нұрлан Сабуров